• الكازاخستانية: إنجيل مرقس 15: 27-47

  • Nov 25 2022
  • Length: 5 mins
  • Podcast

الكازاخستانية: إنجيل مرقس 15: 27-47 cover art

الكازاخستانية: إنجيل مرقس 15: 27-47

  • Summary

  •  Kazakh : Evangile de Marc : 15 : 27-47 / Kazakh: Gospel of Mark: 15: 27-47.3gp // ЖОХАН 1 - Мәсіх Иса — Құдайдың адамзатқа арнап өз ойын білдірген «Сөзі»1Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. 2Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. 3Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. 4Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. 5Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. 6Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. 7Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. 8Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. 9Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. 10Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. 11Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. 12Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. 13Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. 14Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. 15Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. 16Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. 17Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. 18Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
    Show More Show Less

What listeners say about الكازاخستانية: إنجيل مرقس 15: 27-47

Average Customer Ratings

Reviews - Please select the tabs below to change the source of reviews.

In the spirit of reconciliation, Audible acknowledges the Traditional Custodians of country throughout Australia and their connections to land, sea and community. We pay our respect to their elders past and present and extend that respect to all Aboriginal and Torres Strait Islander peoples today.